Музыканы компьютерден тасымалдау
Музыканы құрылғыңызға келесі жолдармен тасымалдауға болады:
•
Компьютер мен ұялы құрылғыға жаңа музыканы тасымалдап, оны бөлу,
жазу және ойнату үшін, Nokia Music қолданбасын пайдаланыңыз.
Компьютердің бағдарламалық құралын www.music.nokia.com/download
веб-торабынан жүктеп алыңыз.
•
Bluetooth қосылымын немесе USB деректер кабелін пайдаланып
құрылғыңызды дербес компьютеріңізге қосу үшін Nokia Ovi Suite
мүмкіндігін және Nokia Music Manager бағдарламасын пайдаланыңыз.
USB деректер кабелін пайдалану үшін
PC Suite
параметрін қосылым
режимі ретінде таңдаңыз.
•
Bluetooth байланыс мүмкіндігі немесе үйлесімді USB деректер кабелі
арқылы құрылғыны компьютерге жалғап, музыкалық файлдарды құрылғы
жадына көшіріңіз. USB деректер кабелін пайдалану үшін, байланыс
режимі ретінде
Дер-ді сақтау
опциясын таңдаңыз.
•
Windows Media Player ойнатқышын пайдаланыңыз. USB деректер кабелін
жалғап, байланыс режимі ретінде
Бсп шғр мен медиа
опциясын таңдаңыз.