Карталар мен GPS
Құрылғыда ішкі GPS антеннасы жоқ. GPS байланысын қажет ететін
қолданбаларды пайдалану үшін, үйлесімді сыртқы GPS қабылдағышын
(бөлек сатылады) қолданыңыз. Сымсыз Bluetooth технологиясын
пайдаланып GPS қабылдағышы мен құрылғыны жұптастырыңыз. Қосымша
ақпарат алу үшін, GPS қабылдағышының пайдаланушы нұсқаулығын
қараңыз.
GPS (орналасқан жерді табу) жүйесін Карталар қолданбасын қолдау үшін
пайдалануға болады. Орналасқан жеріңізді анықтаңыз немесе
арақашықтықтарды өлшеп, координаталарын беріңіз.
Құрылғыны сыртқы GPS қабылдағышымен жұптастырғаннан кейін
орналасқан жерді құрылғыдан көрсетуге бірнеше минут кетуі мүмкін.
Ғаламдық Орналасқан жерді табу жүйесі (GPS) оның дәлдігі мен жүзеге асуын
қамтамасыз етуде жауапты болып табылатын Америка Құрама Штаттары
үкіметімен басқарылады. Орналасқан жерді табу деректерінің нақтылығына
Америка Құрама Штаттары үкіметі орындайтын және Америка Құрама
Штаттарының азаматтық қорғаныс Департаментімен GPS саясатына және
Федералдық Радионавигациялық Жоспарға сәйкес өзгертілуі мүмкін GPS
жерсеріктерінің дұрыс орналаспауы дәлдікке әсер етуі мүмкін. Сонымен
қатар, дәлдігіне жерсерігі орбитасы геометриясының ақаулықтары да әсер
етуі мүмкін. GPS сигналдарының қолжетімділігі мен сапасына сіздің орналасу
орныңыз, ғимараттар, табиғат ортасы және ауа райы да әсер етуі мүмкін. GPS
сигналдары ғимараттардың ішінде немесе жердің астында қатынаулы
болмауы мүмкін және бетон және металл сияқты материалдардан әлсіреуі
мүмкін.
GPS құрылғысы нақты орналасқан жерді анықтау үшін пайдаланылмайды,
орынды анықтау немесе навигация үшін тек GPS қабылдағышынан және
ұялы радио желілерден алынған деректерге ешқашан сенбеу керек.
Карталар
75